{metadescription}
Ауыр сырқатқа душар болған балаға қаржылай көмек қажет
Ауыр сырқатқа душар болған балаға қаржылай көмек қажет

Ауыр сырқатқа душар болған балаға қаржылай көмек қажет

Ауыр сырқатқа душар болған 10 жасар Райымбек Баймұхановқа шұғыл көмек керек. Ақмолалық бала қантты емес диабет синдромына шалдыққан. Бұл өте сирек кездесетін кесел. Ондай науқастың шөлі қанбай күніне 30 литрге дейін су ішеді. Елімізде бұл дертпен сырқаттанғандарға ақ халаттылар ем-дом жасай алмайды.

Сондықтан жеткіншекті тез арада шетелге емдеуге жіберу қажет. Бұған дейін Райымбектің анасы қайырымды жандардың жинап берген қаржысына Оңтүстік Кореяға барып операция жасатқан. Осыдан кейін аппаратпен ғана тыныс алып жатқан Райымбектің беті бері қарап, өздігімен дем ала бастапты. Егер сонда оңалту сатысынан өтсе ғана дертінен толық айығып кетеді деген үміт бар. Ал, ондағы медициналық орталық 5 жарым миллион теңге берсе, баланы сауықтырамыз деп отыр. Қазір қажетті қаржының 2 жарым миллион теңгесі жиналған. Әлі 3 миллиондай ақша қажет.

Әлмира Басықараева, Райымбектің анасы:

- Мен жұрттан көмек сұраймын. Халықтан басқа ешкімге үміт арта алмаймын. Баламның сауығып кетуіне көмек көрсетсеңіздер екен. Мен өзімде қарап отырған жоқпын. Ұлымды үйде қалдырып, жұмыс істеп жатырмын. Бірақ, жалғыз өзімнің әлім келер емес. 

 

 Отбасының байланыс телефоны:  8-777-883-60-31

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде