Төңкеріліп қалған жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты
Семейде жантүршігерлік жол апаты болды. Шаһардың қақ ортасында төңкеріліп қалған «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты. Ауыр техника аударылған сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан жұртты да басып қала жаздаған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
07.05.2019
- Дәл алдымда кетіп бара жатқан Камаз. Мені аударып кете жаздады. Астында қалушы едім. Тоқтап үлгердім.
Оқиға түнгі сағат 10-дар шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-2107 көлігі жол ережесін бұзған көрінеді. Ал, онымен соқтығысудан қашқан жүк көлігі жаяу адамға арналған жолға шықпақ болғанда, аударылып кеткен. Жүргіншілер КамАЗ жүргізушісін көлік ішінен алып шығып, жедел жәрдемге хабар беріпті. Әйтсе де, алған жарақатынан есін жия алмаған жас жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!