{metadescription}
Жарыстан қайтқан жанкүйерлер опат болды
Жарыстан қайтқан жанкүйерлер опат болды

Жарыстан қайтқан жанкүйерлер опат болды

Америкада өткен Сауль Альварестің жекпе-жегін тамашалап қайтқан боксшының жанкүйерлері мінген ұшақ Мексиканың Коауила штатының таулы аймағында болған.

Апат орнын тексерген құтқарушылар 14 адамның мүрдесін тауыпты. Олардың үшеуі экипаж мүшесі екен. Әуе көлігі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласынан шығып Мексиканың Монтеррей қаласына бағыт алған. Бірақ Бомбардиер Челленджер 601 жекеменшік ұшағы қалаға жетпей таулы аймаққа құлапты. Радардан жоғалып кеткен әуе көлігін 12 сағаттан кейін бір-ақ тапқан. Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы бітіспес дұшпаны екендігін еске сала кетейік.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде