Автотұрақ үшін ағаштарды отап тастаған
Қарағандыдағы бір көшенің күрделі жөндеу жұмыстары елдің түсініспеушігін туғызды. Онда автотұрақтар үшін жүздеген ағаш кесілген. Дегенмен биліктегілер бұл қадамға аса қажеттіліктен барып отырмыз деп ақталады.
Автор: Саят Сабдалы
07.05.2019
Татьяна Хропова, жобаның бас инженері:
- Тұрақтар пайда болатын жерлердегі ағаштар ғана жойылады. Бұл қазір өзекті мәселе болып тұр. Өйткені көліктер жолдың бойына қойылып, қозғалысқа кедергі келтіретінін бәріміз білеміз.
Алайда, ағаштардың түп орнымен қопаралып жатқанына тұрғындар бей жәй қарамайды. Сондықтан олар әлеуметтік желілерге наразылықтарын жазып жатыр. Мұнағы жерасты коммуникациялардың барлығы тегіс ауысқан. Енді тұрақтардың орнындағы ағаштар алынып, тас жол төселуі қалды. Шенеуніктердің айтуынша жоба қажетті сараптама мен қоғамдық тыңдаулардан өткен. Алайда бұл туралы тұрғындар жаңа естіп тұрмыз деп ашынады. Себебі жоспар бойынша 178 ағаш пен 48 түп бұта жойылады екен.
Руфина Давидюк, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Қарағандыдаға жасыл желегі бар жалғыз көшені талқандамай ақ бұл мәселені шешуге болмас па еді? Адамдардың денсаулығынан көліктердің жайы маңыздырақ болып тұрғаны ғой. Міне бұл көшеден кейінгі Құрлысшылар даңғылы, Гүлдер, Степнойларыңыз таздың басындай тақыр. Енді оңтүстік шығыс ауданындағы жайқалған ағаштары бар жерді ойрандап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!