{metadescription}
Қызмет бабында жүріп қаза тапқан полицейлерге арнап ескерткіш тақта ашылды
Қызмет бабында жүріп қаза тапқан полицейлерге арнап ескерткіш тақта ашылды

Қызмет бабында жүріп қаза тапқан полицейлерге арнап ескерткіш тақта ашылды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Атырауда қызмет бабында жүріп қаза тапқан полицейлерге арнап, ескерткіш тақта ашылды. Облыстық полиция департаментінің ауласына қойылған тақтаға 3 полицейдің есімі ойылып жазылған.

Олардың қатарында 1993 жылы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан аға лейтенант Асқар Бисекенов, 2009 жылы мас жүргізушіні тоқтатам деп, оның көлігінің астына түсіп қайтыс болған Нұрберген Өтемісов және күні кеше орталық көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткен келіншекті құтқарам деп құрбан болған Шалқар Ақымғалиев бар. Сондай-ақ, Шалқар Ақымғалиевтің отбасына үшінші дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. Жалпы, Атырау полициясының тарихында 6 тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» және төртеуі «Айбын» орденімен марапатталған.

Ләззат Мұқанова, Ш. Ақымғалиевтің анасы:

- Менің балам Шалқарды батыр деп елеп жатқандарына бәріне рахмет. Шалқарым жалғыз менің ұлым емес екен, елдің ұлы екен. Бәріне басымды сүйеп келген, көңіл айтқан барлықтарыңызға рахмет айтам. Күллі Қазақстан мені қолдап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде