Жеңіс күні қарсаңында елордалықтар мерекелік лента тағынды
Бүгіннен басталған акция мамырдың 9-ына дейін жалғаспақ. Үш күндік шарада ұйымдастырушылар жалпы саны 100 мыңнан астам лента таратуды жоспарлап отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.05.2019
Қазақы ою-өрнек салынған көк түсті ленталар Бәйтерек монументі мен «Ғашықтар» саябағы және орталық алаңда таратылып жатыр. Әкімдіктің қала тұрғындарына жасаған осындай тосын сыйын үлестіруге «Астана жастары» еріктілер ұйымы атсалысып жүр. Мақсаты жұрттың патриоттық сезімін көтеру. Жеңіс күні мерекесіне орай жасалған бұл ленталар 2015 жылы жаңарып, жаңа дизайны қалыптасқан еді. Лентаға «9-мамыр – Жеңіс күні» деген жазуы бар төсбелгі қыстырылған. Оны ұйымдастырушылар қорап-қорабымен әкеп қойыпты.
Еркін Нұрғазин, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Бұрынғы «гвардейский», «георгиевский» дейді ғой содан осы лентамыз дұрыс. Көк туымыздың түсі бар, аспан түстес. Сондықтан да осындай іс-шараны жиі өткізіп тұруымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!