Қазақ әскерінің айбыны асқақтаған күн
Бүгін – Отан қорғаушылар күні. Еліміздің халқы бұл мерекені осымен 7-ші жыл қатарынан ресми түрде тойлап келеді. Парламент 7-ші мамырды 2012 жылдың қазанында мемлекеттік мереке етіп бекіткен еді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
07.05.2019
Содан бері бұл күн күнтізбедегі айрықша мейрамдар тізіміне енді. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені 1992 жылдың 7-ші мамырында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Сөйтіп, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ әскері бастан-аяқ қайта жасақталды. Осы жылдар ішінде еліміздің қорғаныс саласы нығайып, айбынымыз асқақтай түсті. Бүгінде құрлық әскері, әуе қорғанысы және әскери-теңіз күштері ел тыныштығын күзетуде. Яғни шекара шебі қуатты кез-келген жауға жылдам тойтарыс бере алатын сарбаздардың қолында. Қазір 70 мыңнан астам азамат әскер қатарында отан алдындағы борышын өтеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!