{metadescription}

Алматылық майдангерге ерекше құрмет көрсетілді

17 жасында майданға аттанған алматылық Зұлхарнай Сеитовқа «Дегдар» қайырымдылық қоры Дариға Назарбаеваның сыйлығын тарту етті. 95 жасқа келген ардагер Сталинград қаласын азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. Ұрыс даласындағы үш жылында 600-ге тарта неміс минасының көзін жойып, танкілеріне қарсы тұрған майдангер сұрапыл күндер әлі көз алдымда дейді.

Майданнан кейін 10 сыныпты қайтадан оқып тәмамдаған ардагер Омбыдағы институтқа түскен. Ол жердің аспирантурасын бітіріп Алматыдағы зооветеринарлық институтында 30 жыл еңбек етіпті. Сонымен қатар, қазақстандық жақпа май ойлап шығарған Зұлхарнай Сейітов өзінің тың өнімі үшін мадаққа да ие болған. Ал, жер шарын жаулап алам деген Гитлердің арманын күл-талқан еткен соғыс жайлы кейінгі ұрпақ біліп жүруі тиіс дейді майдангер.

Зұлхарнай Сейітов, соғыс ардагері:

- Гитлер айтқан жер үстінде бір патша болуы керек деп. Бірақ оған жетпеді. Бұл жеңіс болмаса немістер билеуші еді. Бұл күнді мейрамдап отыру керек. Білу керек тарихты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде