{metadescription}

Ғасыр жасаған ардагер

Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында 100 жасқа келген соғыс ардагері тұрады. Аусағит Мұқашев бүгінде 7 баладан 23 немере, 49 шөбере сүйген. Өзінің бақытты екенін айтқан соғыс ардагері енді шөпшегінің өмірге келгенін көрсем дейді. 100-ге толса да қуаты қайтпаған қарт жауынгер жеңіс күні көппен бірге аудан орталығында өтетін мерекелік шараға баруға әзірленіп отыр.

Соғыс өрті тұтанғанда небәрі 22 жастағы Аусағит Мұқашев Новосібірде әскери борышын өтеп жүріпті. Қызылту ауданынан сол кезде 2 мыңға жуық жігіт соғысқа аттанған. Солардың қатарында Жас сарбаз Аусағит та ауылына оралмастан, Беларусь майданынан бір-ақ шыққан.

Қан майданда Т-34 соғыс танкісімен жауға шапқан жігіттің аяғы мен басын снаряд жарықшағы жаралайды. Жарақатына қарамай, елге жеңіспен оралған соң да шаруаға қоян-қолтық араласып кеткен. Майдангер екі ағасының бірі хабарсыз кетіп, бірі ауыр жарақатпен оралыпты. Сондықтан соғыстан кейінгі ауыр жағдайда жалғыз анасына тірек бір өзі ғана болыпты. Бірақ жасы 100-ге толса да, қанды қырғынды әлі ұмыта қоймаған. 

Аусағит Мұқашев, соғыс ардагері: 

- Көрдік қой ащы-тұщыны. Мен Беларусь, Украина, Харьков, Будапешт – бәрінде болдым. Алла сақтайды ғой сақтайын десе. 100-ге келем деп кім ойлады дейсің. Балапандарым бар. Иншалла, бақыттымын! Аусағит ата Беларусь майданының ең қауіпті учаскелерінде даңқты қолбасшы Рокоссовский әскерінің 191-ші атқыштар полкінде ауыр шайқастарға қатысқан. Қазір сол алапат соғыста көргенін 7 баладан өрбіген немере-шөберелеріне айтып отырады.

Ризабек Мұқашев, А. Мұқашевтың немересі: 

- Бұл кісі бізге өте қасиетті адам, өте сабырлы, өте қарапайым. Атам әрқашан шаруашылық жөнінде, өсиет айтып отырады. Аузымды бекіттім, ораза ұстаймын. Ол бізбен бірге сәресіге тұрады. Өсиет айтады, құран оқиды.

Аусағит ақсақал соғыстан кейінгі өмірінде ауыл тірлігіне араласып еңбекпен шыңдалған адам. Абайсызда құлап қалып, мүгедек арбасына отырғанына 3 ай ғана болған. Уәлиханов ауданында кезінде майданға аттанған 2000 мыңдай азаматтан енді екі ардагер ғана Жеңістің 74 жылдығын қарсы алғалы отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде