Ақтөбеде шұрық-тесік жолдың кесерінен өңірдегі біраз шенеунік қызметінен қуылды
Алдымен іссапарда жүрген облыс басшысының орынбасары жұмысынан босатылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.05.2019
Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:
- Ауданға барсаң да дәл осы мәселені көтереді. Қалада жүрсең де осындай мәселе шыға береді. Осыған орай айтып отырмын ғой жіберген кемшіліктері үшін Төленбергенов Серік Ақтөбе облысы әкімі орынбасары қызметінен босатылады.
Қызметінен айрылғандар қатарында облыстық жол басқармасының басшысы мен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары да бар. Бұлар жол құрылысының сапасына мән бермей, жөндеу жұмыстарына жүрдім-бардым қараған. Шенеуніктерге соңғы үш айда түскен шағымдардың жартысы жолға қатысты болса, қалғаны жәрдемақыға байланысты екен. Айта кетелік, Ақтөбеде былтыр ғана жаңадан салынған асфальттың өзі ойылып, қармен қоса еріп кеткен-ді. Ал оны жамауға әкімдіктегілер әлі асығар емес. Десе де, биыл облыстағы 500 шақырым жолды жаңадан саламыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!