Павлодарда тұрақты мекенжайы жоқ азамат өлім аузынан қалды
Қамыс арасында жатқан оны бұзақылар тірідей өртеп жібере жаздаған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
08.05.2019
Куәгерлер түсіріп алған мына кадрларда құрғақ шөпті өртеуге кіріскендердің, кенет өрт арасына жүгіріп кіргені анық көрінеді. Сөйтсе, қамыс арасында қаңғыбас ұйықтап жатыпты. Оны өртің ортасынан өздері шығарып алған екеу құтқарушылар келгенше іздерін суытқан. Ал жол бойындағы кызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілер, тұрғындарға отпен ойнаудың қауіпті екенін ескертеді.
Ренат Уәлишанов, Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
- Болжамдарға қарағанда құрғақ қамысты жаққан азаматтар оның арасында жатқан адамды кейін байқаған. Ақыры оны өздері құтқаруға кіріскен. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!