{metadescription}

Сайлауға қатысты ғаламторда сауалнама жүргізген жеке тұлғаларға айыппұл салынады

Орталық сайлау комиссиясындағылар «Президент болуға кім лайықты?» немесе «Кімге дауыс бересің?» деген сұрақтар қойып сауалнама жүргізумен кез-келген адамның айналыса алмайтынын айтты. Онымен тек ресми рұқсаты бар заңды тұлғалар шұғылдануы тиіс. 

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Ғаламторда сайлауға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Заң бойынша жекелеген адамдарға әлеуметтік желіде сауалнама жүргізгені үшін 75 мың теңге айыппұл қарастырылған. Өйткені сайлауға қатысты қоғамның пікірін білуге елімізде тіркелген, 5 жыл тәжірибесі бар статистика жүргізетін ұйымдарға, яғни заңды тұлғаларға рұқсат етілген. 

Ал осы кезде президенттікке кандидат ретінде тіркелген 7 үміткер үгіт-насихатты бастауға қамданып жатыр. Сөйтіп, мамырдың 11-күні, кешкі 6-дан кейін халықтың қолдауына ие болуға тырысады. Жер-жерді аралап, сайлаушылармен кездеседі. Телеарна, радио мен басылымдар арқылы сайлауалды бағдарламасын жариялау үшін әр кандидатқа бюджеттен 7 миллион 300 мың теңгеден беріледі. Әрі үміткер, үгіт-насихат жұмыстарына өзінің немесе саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің қаржысын тарта алады. Бірақ ол ақша 510 миллион теңгеден асып кетпеуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.