{metadescription}

Ми-8 тікұшағының апатын тергеу үшін шетелден мамандар шақыртылды

Бас прокуратура Қызылорда облысында құлаған МИ-8 ұшағына қатысты тергеу жұмыстарының неліктен созылып кеткенін түсіндірді. Айтуларынша, апат себен анықтау үшін қосымша сараптамалар қажет. Сол үшін де шетелден арнайы мамандар шақыртылыпты.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Талап бойынша сараптама жүргізуге берілетін уақыт бар. Бірақ, қосымша зерттеулер тағайындалатын болса, ол мерзімді ұзартуға болады. Ми-8-дегі жанармайдың сапасын тексеру үшін де қосымша сараптама қажет болғандықтан тергеу жұмыстары созылып жатыр.

Әуе кемесі 28-ші наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауылының жанында апатқа ұшыраған еді. Тікұшақ оқу-жаттығу аясында Ақтаудан Шымкентке бара жатқан болатын. Ішіндегі 13 әскери түгел қаза тапты. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Ми-8, ауа райы қолайсыздығы, адами фактор немесе ұшақтан шыққан ақаудың кесірінен құлаған болуы мүмкін екенін айтқан. 1988 жылғы тікұшақ соңғы рет 5 жыл бұрын Алматыда жөндеуден өткені де айтылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.