Қажылық сапарға аттанатын мұсылмандар екпе алуы керек
Елімізде қажылық сапарға аттанатын мұсылмандарға 15-ші мамырдан бастап менингококқа қарсы екпе салу басталады. Бес парыздың бірін өтеуге ниет еткен азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдаған Сауд Арабияның Қажылық министрлігінің талабы осындай.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
08.05.2019
Жанділдә Бекжігітов, ҚМДБ «Мешіт істері» бөлімінің меңгерушісі:
- Рамазан айында сол аузын ашқаннан кейін вакцинация салдыруға рұқсат беріледі. Ал, күндіз енді шариғат талаптарына сай вакцинация салдыруға рұқсат жоқ. Бірақ, әлде де уақыт бар. Вакцинация қажылыққа аттанардан 15-20 күн бұрын салынса, жеткілікті болып табылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы бойынша менингококқа қарсы екпе тегін медициналық қызмет тізіміне кірмейтіндіктен, оны ақылы түрде арнайы вакцинация орталықтарында ақылы түрде жасатуға болады. Осыған байланысты еліміздің үлкен қалаларында екпе салатын 8 орын қарастырылған. Құны шамамен 20-25 мың теңгені құрайды екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!