{metadescription}

Тұрғынға сес көрсеткен ауыл әкімі қызметінен қуылуы мүмкін

Ақмола облысының Есіл ауданында тұрғынға телефон арқылы сес көрсетіп, бей әдеп сөздермен балағаттаған мемлекеттік қызметкердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Бұл 28 жастағы ауыл әкімі екен.

- Мен саған көрсетемін. Проблемадан көз ашпай қаласың. Сен бұйрық беретіндей кімсің? Шөпті жұлу жұлмауды сенен сұрауымыз керек пе?

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан Интернациональная ауылдық округінің әкімі. Ол сол ауылдың тұрғыны Валерий Рабченюкқа телефон шалып тұр. Не айтып, не қойғанын білмей тұрғанына қарағанда ашуы қатты. Бұған дейін ауыл сыртынан өтетін жол бойындағы шөпті жұлып жүрген жұмысшыларға Рабченюк ауыл ішін неге жинамайсыңдар, - деп ескерту жасаса керек. Шәрбәт Рахманова ауыл әкімі болғанына 1 жыл болмай жатып, билігіне біреудің араласқанына шамданып қалған сияқты. Енді мемлекеттік қызметкерге әдеп сақтамай, аузына келгенін айтқаны үшін жауап беруіне тура келеді.

Әлібек Баймағанбетов, Ақмола облыстық аумақтық Әдеп кеңесінің мүшесі:

Бұл дегенің масқара! Ауыл әкімі, тұрғындарға үлгі болуға тиіс жап-жас қызметкердің бұлайша тұрғынды балағаттауы ешқандай нормаға сыймайды. Қазір қызметтік тексеріс басталды. Әдеп кеңесіне шығарылып, мәселесі қаралуы тиіс. Мен бірінші болып, оның әкімдік қызметті босатуына ұсыныс жасаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде