{metadescription}

Алматы облысында із-түссіз жоғалған 3 баланың анасы іздестіріліп жатыр

Алматы облысында 1 айдан бері із-түссіз жоғалған 3 баланың анасы іздестіріліп жатыр. 36 жастағы Самал Сүйкімбаева сәуірдің 7-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жамбыл ауданына қарасты Қызыләскер ауылының тұрғынын соңғы рет Ұзынағаштағы базардың жанынан көргендер бар. Бірақ, содан бері еш хабар жоқ. Енді 3 баламен үйде қалған отағасы Самалды көрген-білгендер болса бір хабар беруін сұрайды.

Жамбыл ауданына қарасты Қызыләскер ауылының тұрғыны Самал Сүйкімбаева сәуірдің 7-де үйінен шығып кетіпті. Үш баланың анасы қайда бағыт алғанын ешкімге ескертпеген. Отағасы Ержан Әпсеметовтың айтуынша, 13 жыл отасқан жұбайы үйден безетіндей араларында жанжал тумаған. Бірақ, Самал сол кеткеннен қайтып оралмапты.

Ержан Әпсеметов, күйеуі:

- Үйден 10-дар шамасында шығып кетіп Ұзынағашқа барған. Ұзынағаш, Алтын орданың бәрін айналып шықтық. Далбасалап құмалақшыларға барамыз. Ойбай, Жамбыл облысы жағында жүр дейді. Әйтеуір, шарламаған жер қалмады.

Бір айдан бері із-түссіз кеткен Самал Сүйкімбаеваны сол күні Ұзынағаштағы осы базардың жанынан көргендер бар. Бірақ, содан бері жоғалған келіншек жөнінде ешбір ақпарат жоқ. Тіпті, табанынан таусылған туысқандары оны біреулер күшпен ұстап отыруы мүмкін деп қауіптенеді.

Қызғалдақ Мәлікова, Самалдың абысыны:

- Біреу қинап ұстап отыруы да мүмкін. Біреу жұмысқа да салуы мүмкін. Әлде адасып кетті ме? Автобусқа мініп, басқа жерде жүр ме? Көрген, білген болса бізге көмектессе дейміз.  

Ал, анасын сағынған балалардың жүздері тіптен жабырқаулы. Әне-міне есіктен кіріп келердей асыға күткен жеткіншектер үнемі елеңдеп отырамыз дейді. Алайда, жоғалған ананы іздеуге кіріскен полицейлер әзірге нәтиже жоқтығын жасырмады.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Іс-түссіз жоғалған Самал Сүйкімбаеваны 7-ші сәуірден бастап іздестіріп жатырмыз. Оған Жамбыл аудандық полиция бөлімі мен облыстық департамент қызметкерлері жұмылдырылған. Қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуын сұраймыз.

Үмітін үзбеген Самалдың туысқандары әлі өз бетінше іздеу жұмыстарын тоқтатқан емес. Қазір олардың қатарына еріктілер тобы қосылып, жан-жаққа сұрау салып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде