{metadescription}

Қаймақ шығаратын кәсіпорын ашқан инвесторлар өз зауыттарынан қуылды

Қарағандыда кондитерлік қаймақ шығаратын кәсіпорын ашқан инвесторлар өз зауыттарынан қуылды. Өздерінің айтуынша, оларды жергілікті құрылтайшылар тапа-тал түсте кәсіпорыннан желкелеп шығарып жіберген көрінеді. Шетел азаматтары полиция мен прокуратураға шағым түсірген. Алайда полицейлер қылмыстық іс қозғауға негіз таппадық деп отыр.

Өз иелегінің табалдырығын аттай алмай қалған қырғыз ағайындардың ашуында шек жоқ. Олардың сөзінше, зауыттың жергілікті құрылтайшылары, инвесторлар мен күзетті күштеп қуып шығып, есікті тарс жауып қойған. Елімізде шетел инвесторы 100 пайыз акциямен бизнес ашу заңға қайшы болғандықтан, жергілікті фирманың атына акцияның 39 пайызын қағаз жүзінде жазып берген. Құрылыс пен құрал-жабдықтарға да қаржы салған инвесторлар, зауыт ашылғаннан проблемалар басталды дейді.

Зубдар Лансарова Қырғызстан азаматы:

Әу бастан ақ олар зауытты қарызға батыра бастады. Түрлі банктерден несиелер алып тастаған. Бірақ төленбеген. Тиісінше зауыттың барлық шоттары бұғатталды. Біз зауыт жұмысын тоқтатпасын деп директордың жеке шотына ақша жіберіп тұрдық. Ал ол оны қалтасына басып келген. Жұмыс жүріп жатыр, әзірге пайдаға шыққан жоқпыз деп бізді алдаумен келген.

Мұның барлығын аудит анықтаған. Есептеп келгенде 200 миллион теңгеден астам қаражат қолды болғаны анықталған. Оның үстіне тағы 90 миллион теңге банктерге қарыз екен. Жұмыс тоқтамасын деп сол қарыздарды да жаптық дейді шетелдік инвестор. Алайда жұмысқа қайта кірісе бергенде олардың өздері зауыттан қуылған.

Эльмира Жузенова  Қырғызстан азаматы:  

- Біздің жазған арызымыз бойныша қылмыстық іс қозғалмады. Арызға аудит қортыныдысы анықтаған алаяқтық әрекетті әшкерелейтін құжаттарды да тіркегенбіз. Алайда полицейлер сол аудит қорытындысы бар құжаттарды өзімізге қайтармай отыр.

Полиция болса, шетел азаматтарынан арыз түскенін растайды. Олардың айтуынша іс жіті тексерілген. Дегенмен, қылмыстық істі қозғауға негіз табылмапты.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс, қылмыстық процесстік кодекстің 35-ші бабы, 2-бөлім, 1-тармағына сәйкес, яғни қылмыстық құқықбұзушылық анықталмағандықтан, азаматтық құқықтық келіспеушіліқ салдары бойынша қысқартылды.

Қарсы тарап осы мәселе бойынша өз ойларын айтудан үзілді-кесілді бас тартты. Прокуратура мен полицейлер болса, құрылтайшалыр дауларын азаматтық сотта шешіп алсын дейді. Ал ол үшін дәлел болатын құжаттарды инвесторлар ала алмай дал. Амалы таусылған олар енді Үкімет басшысы мен парламент депутаттарынан көмек сұрап, елордаға жол тартпақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде