Баспана ең аз салынатын өңірлер аталды
Баспана ең аз салынатын өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Ал ең көбі – Нұр-Сұлтан қаласында. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр осындай деректер келтірді.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.05.2019
Былтыр елімізде жалпы көлемі 12 жарым миллион шаршы метр, яғни 2017 жылдан 12 пайыз асыра баспана тұрғызылыпты. Соның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ең көп үй соғылған. Екеуінде де 2 миллион шаршы метрден асып түседі. Ал ең азы Солтүстік Қазақстанда салыныпты. Бір жылда небәрі 218 мың шаршы метрді құрайды. Павлодар мен Қостанай облыстары да сол қатарда. Үй салуда өңірлердегі халық санының өсімі де дұрыс ескерілмейді екен. Былтыр Шымкент қаласында тұрғындар саны 57 мыңға артқан. Бұл ең үлкен көрсеткіш. Ал салынған үй көлемі тым аз, 439 мың шаршы метр. Оның үстіне, елдегі бүкіл мемлекеттік баспана құрылыс нарығының мардымсыз үлесін ғана алады екен.
Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Мысалы, мемлекет 1 теңге жұмсаса, жеке инвестиция 7 теңге салған. Мемлекеттік баспана бағасы әр шаршы метріне 140-тан 180 мың теңгеге дейін. Коммерциялық үйлердің бағасын сол ұстап тұр. Бірақ жалпы үй құрылысының ішінде мемлекеттік бағдарламамен салынғандарының үлесі 10 пайыздан да аспайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!