{metadescription}

Түтінге тұншыққан қала

1-ші мамырда өртене бастаған Степногордағы қоқыс полигонынан келген қара түтіннен, 50 мыңға жуық тұрғын енді құтылды. Екі аптаға жуық күрескен өрт сөндірушілер, тек бүгін ғана тілсіз жауды ауыздықтаған.

Қоқыс полигонында бұрын соңды мұндай алапат өрт болмапты. Лапылдап жанған кезде оған өрт сөндірушілердің өзі әрең жақындаған. Олар алғашында жалынның бетін қайтарған. Бірақ, үсті үстіне үйілген қоқыстағы пластик, ағаш заттарды жел үрлеп қайта тұтатқан. Қара қошқыл түтін қаланы жауып жұрт тыныс ала алмай қалыпты. 20 гектар жерді алып жатқан қоқыс полигонына 2 жылдан бері жауапты «Құрылыс МТК» серіктестігі екен. Қоршауы да жоқ, шашылып жатқан нысанға от қайдан келгенін олар өздері де білмейді. Арнайы техникасы да болмағандықтан, өрт бой бермей кеткен. Енді ғана арнайы штаб құрылып, бірнеше ауданнан келген 32 техникамен жабылып жүріп әрең сөндірді.

Еркебұлан Баяхметов, Степногор қаласының әкімі:

- Біз құқық қорғау органдарынан өрттің неден болғанын анықтауды сұрадық. Мүмкін біреулер қасақана жасаған шығар. Жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдық болғандықтан өзі де тұтануы мүмкін. Қазір жауапты серіктестіктің жауапсыз жұмысы да қарастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде