БҚО-да жібі түзу жол жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Аймаққа Мемлекет басшысы есебінде алғаш рет келген Тоқаев Жайық өңірінің инфрақұрылымын өткір сынға алды. Себебі мұндағы жолдардың 70 пайызы бүлінген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
13.05.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Как в условиях отсутствия хороших дорог, дефицита воды и электричества можно поднять уровень жизни людей? Это серьезный вопрос! Кто на него ответит? Я думаю, что акимат, как, впрочем, и другие области должны дать ответ на этот вопрос по существу.
Президент аймақта ауыл шаруашылығы саласының дамуына әрі шағын және орта бизнестің өркендеуіне ерекше жағдай жасауға пәрмен берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ел көлемінде жүзеге асуы тиіс бірнеше бағыт бойынша тапсырмалар жүктеді. Атап айтсақ, көп балалы аналарды баспанамен қамту, экология, мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Және жастарға ерекше көңіл бөліп, олардың бастамасын ылғи қолдау қажет дейді Президент. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қарапайым болуға шақырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!