{metadescription}
Көлденең пайданы көздеп, танымал брендтің атын жамылған
Көлденең пайданы көздеп, танымал брендтің атын жамылған

Көлденең пайданы көздеп, танымал брендтің атын жамылған

Алматы облысында өзге тауар белгісін пайдаланып, спорттық аяқ-киім өндіріп келген жасырын цех әшкереленді. Тіпті, саудасын қыздырған пысақайлардың жолын кесу үшін  екі бірдей брендтік компания өкілдері құзырлы мекемеге арыз түсіріпті.

Іле ауданында орналасқан жасырын цехті тінтуге алғанда спорттық аяқ-киім жасауға қажетті мыңнан астам бөлшек тәркіленіп, тауар белгісін таңбалауға арналған 100 дана қалып табылған. Сондай-ақ, тексеру барысында сауда нүктелерінде көшірме аяқ-киімдердің сатылымға түскені анықталған. Аталған дерек бойынша «тауар белгісін заңсыз пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде