{metadescription}
Елімізде қой еті тапшы. Ал ет бағасының өсуіне не себеп?
Елімізде қой еті тапшы. Ал ет бағасының өсуіне не себеп?

Елімізде қой еті тапшы. Ал ет бағасының өсуіне не себеп?

Елімізде ет қымбаттап, бір келісі 2300-2400 теңгеден асты. Мамыр келгелі, әсіресе, дүкен сөресінде тұрғандарының бағасы бірден өскен. Ал теріскейдегі жұрт қой етін таппай отыр. Ол сауда орталықтарында тапшы. Мал асырайтын шаруалар бағаның шарықтауын қымбатшылықпен байланыстырады. 

Алматының іргесіндегі өндірістік шаруашылық бірнеше бағыттыа жұмыс істейді. Егін, мал өсіріп, ет пен сүтті өңдейді. Шаруашылық Алматыдағы нарықты етпен қамтиды. Негізгі тапсырыс беруші ірі мейрамханалар. Ет бағасының өсуін экспорт көлемінің артуы және көктемгі жем-шөптің тапшылығымен байланыстырады.

Әсет Тұрғымбеков, ЖШС мал бордақылау бөлімінің меңгерушісі:

- Экспортқа көп ет шығарып жатырмыз. Қазақстанның ішінде мал бордақылау, жем-шөпті дайындау мәселесі әлі өткір күйінде тұр.  

Мұндағы асылтұқымды сиырлар Канадан жеткізіліпті. Зеңгібабаға берілетін азық пен дәрумендерге көп шығын кетеді.

Қазір мына шаруашылықта қызу тірлік. Өздеріңіз көріп тұрғандай мұнда әулиекөл тұқымдас бұқалар бордақылау алаңына кіргізілген. Жас төлдер күзге дейін осы жерден әрқайсы салмағы 450-500 келі болып шығады екен.

Ет бағасының өсуі одан жасалатын өнімдердің құнына да әсер етіп отыр. Ал, Петропавл қаласында қой еті тапшы. Тұрғындар іздегенін базардан таппай әлек.

- Облыс жұрты етсіз отыр. Ауылдағы ағайын мал өсіргісі келмейді. Жем-шөбін табу қиын. Ал Үкіметке қолдағы етті сыртқа өткізген тиімді. Адамдар қайтеді?

Қызылсырап, қымбатшылыққа ұрынған жұрт үнемге көшті. Себебі, көтерме бағамен 1500 теңгеге саудаланатын қой етін табу мүмкін емес.

Гүлжанат Мұқашева, Петропавл қаласының тұрғыны:

Ет қымбат болғасын сүйектерден аламыз. Супқа, борщқа сондай тағамдарға сүйек пайдалы.

Елімізде соңғы 1 жылда жылқы мен құс етінің бағасы 9-15 пайызға өскен. Сиыр мен қой еті де қалысар емес. Әлеуметтік азық-түліктің бағасын қадағалайтын Ұлттық экономика министрлігі ет бағасына ауыл шаруашылығы тікелей жауапты дейді.

Шыңғыс Ильясов, Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Өткен жылмен салыстырғанда сиыр еті 4,6 пайызға, яғни 1580 теңге, тауық еті 15,9 пайызға яғни 780 теңгеге өскен. Ет өндірісіне ауыл шаруашылығы министрлігі, ал отандық өндірушілерді қолдауға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты.

Министрлік өкілдері ет бағасының шарықтауын әдеттегідей малға берілетін жем-шөп, тасымал, жанармайдың қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Базардағы саудагерлер қой, сиыр еті Қытай мен Иранға экспортталса, баға тағы өсе ме деп алаңдаулы. Себебі, шаруаларға өнімін қымбатқа сатқан әлдеқайда тиімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде