Екі көлік бетпе-бет соқтығысып 9 адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Лада мен Тойота Камри бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан 9 адам қаза тапты.
Автор: Аруна Ортай
13.05.2019
Оқиға Алматы облысының аумағында болған. Ішінде кілең жиырмадан енді асқан төрт жігіт отырған Лада Алматыдан Қордайға бет алыпты. Бірақ Ұзынағаштан шыға бергенде жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа өтіп кетіп, Тойотамен бетпе-бет соқтығысқан. Ал Тойотада 5 адам отырыпты. Үлкені 81 жастағы әже екен. Кейуана туыстарымен такси жалдаған көрінеді. 38 жастағы жүргізушімен бірге таксидегі жолаушылардың барлығы оқиға орнында көз жұмды.
Серік Үпиев, Алматы облыстық полиция департаменті ресми өкілі:
- Қайтыс болған азаматтардың жеке тұлғалары қазіргі уақытта анықталды. Олар Алматы және Шымкент қалаларының, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары боп шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!