{metadescription}
Сириядан оралған 20 азамат лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды
Сириядан оралған 20 азамат лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Сириядан оралған 20 азамат лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Қазір 16 ер адам мен 4 әйел Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкентте тергеліп жатыр. Оларды арнайы жасақ 231 адаммен бірге елге аман-есен алып келді. Гуманитарлық операция – жыл басында жүргізілген «Жусанның» жалғасы.

«Жусан-2» операциясымен елге оралғандар қазір Ақтаудағы оңалту орталығында. Олармен теологтар бірнеше ай жұмыс істейді. Теріс ағымға алданып, тұзаққа түскендер алдымен психологтардың көмегіне зәру. Мұны осыдан 4 ай бұрын от пен оқтың ортасынан оралған мына әйел растап отыр. Атын атамай, жүзін жасыруды сұраған келіншек 2013 жылы күйеуінің соңынан  еріп, содырларға қосылыпты. Екі жыл бұрын жолдасы қаза тапқан соң, амал жоқ кері қайтудың жолын іздей бастаған. 

- ИГИЛ-дің территориясынан шығып, күрттерге келдік. Аллаға шүкір Қазақстаным көмектесті. Бұл жерден  шығарып алады деп ойлаған жоқпын.

«Жусан-2» операциясы кезінде арнайы жасақ 7-9 мамыр аралығында от пен оқтың ортасында жүрген 231 адамды елге дін аман жеткізді. Сирияға барғандардың көбі – жесірлер мен жетімдер. 59 әйел, 156 бала бар. Оның ішінде 18-нің ата-анасы соғыста қаза тапқан. Енді міне, елге тұлдыр жетім болып оралды. 

- Қасыңда кім бар?

- Анашың қайда?

- Бәрі жоқ. Ешкім жоқ...

Ұлттық қауіпсіздік комитеті отандастырымызды қайтарудың басты себебін түсіндірді. Жат ағымның жетегінде жүрген қандастарымыз Сирияда қалып қойса, содырлармен бірігіп, елге лаңкестік шабуыл ұйымдастыруы мүмкін деген қауіп бар. Өйткені, өткен жылдың өзінде терроризм мен экстремизмге қатысы бар 50-ден астам шетел азаматы анықталған.

Бақытбек Рахымбердиев, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департамент басшысы:

- Барлығын өз елдеріне депортация жасадық. Жыл сайын шетел террористері тарапынан бірнеше терактінің жолын кесеміз. Ал, Қазақстанда олар ең аз дегенде жауапкершілікке тартылып, оңалатын болады.

Лаңкестікке қатысы бар отандастырымыз жазасыз қалмайды. Оларды Қазақстан азаматтығынан айырмағынмен, ауыр жаза күтіп тұрғаны анық. Мәселен, қыстағы арнайы операция кезінде елге жеткендердің ішіндегі екеуі 8 жылға сотталды. Қалған 5-уі соттың шешімін күтуде.

Теріс ағымға алданып, елінен безгендердің алды Отанына орала бастағанымен шам елінде от пен оқтың ортасында әлі 300-ге жуық отандасымыз жүр екен.  Олардың ішінде 170-ке жуығы бала. Ұлттық қауіпсіздің комитеті жыл соңына дейін оларды елге қайтаруды жоспарлап отыр. Сондықтан «Жусан» операциясы  жалғаса бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде