Паралимпия ойындары басталды
Елордада Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған жарыс «Жеңістерге бірге жетейік» деп аталады. Ұйымдастырушылар осы шара арқылы ерекше қабілеті бар балаларды анықтағысы келеді.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.05.2019
Нұрдәулет Шаймерден, паралимпия ойындарының қатысушысы:
- Қызылорда облысынан келдім. Басқа қалалардан келген балалармен таныстым. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарынан келген балалармен күш сынастым.
Спорттық жарыстарға үлкен мән берілгені Оқушылар сарайында өткен ашылу салтанатынан-ақ байқалады. Биыл үшінші рет өтіп жатқан паралимпия ойындарына қатысушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен 8 облыстан келген. Барлығы 170-тен аса сайыскердің жас аралығы 14 пен 18-дің арасын құрайды. Олар волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, қол күрес, арба биі сынды бірнеше спорт түрінен сайысқа түседі. Осыған дейінгі додаларда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының және Павлодар облысының жасөспірімдері көп көзге түсіп келген еді. Ал биыл қатысушылар саны артып, ойын түрлері де көбейген.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Шараның қатысушылары жылдан-жылға көбейіп отыр. Ойынға шахмат, тоғызқұмалақ қосылды. Бассейнде неше түрлі сайыстар өткізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!