{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы теңгенің тағдырына қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк төрағасы теңгенің тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк төрағасы теңгенің тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы ахуал қазір тұрақты деп отыр. Тіпті, тиындап болса да нығая бастаған төл теңгеміздің бағамы өсуі мүмкін дейді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Теңгенің бағамы жыл басынан бері 1,2 пайызға нығайды. Қазір 1 АҚШ доллары 379 теңгеге тең. Жалпы, ұлттық валюта бірнеше фактордың әсерімен қалыптасады. Ең әуелі мұнайдың әлемдік бағасына байланысты. Оның құны жыл басынан бері 30 пайызға өсті.

Оның үстіне теңгеге әсер ететін Ресей рублі де АҚШ ақшасына шаққанда 6 пайызға нығайды дейді Досаев. Сондықтан бас банкир төл валютамыздың күшейетінін болжап отыр. Оның үстіне қаржы нарығы тұрақты. Инфляция деңгейі де жоспарлағандай 4-6 пайыз шамасында. Кейін оның көрсеткішін 3-3,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Бұл азық-түлік пен түрлі тауар және коммуналдық тарифтер құнының өсуіне жол бермейді дейді Досаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.