{metadescription}
Ақтауда жалақысын даулаған жүздеген көше тазалушы жұмыс істеуден бас тартты 
Ақтауда жалақысын даулаған жүздеген көше тазалушы жұмыс істеуден бас тартты 

Ақтауда жалақысын даулаған жүздеген көше тазалушы жұмыс істеуден бас тартты 

Ақтауда комуналдық мекеме жұмысшылары көше тазалаудан бас тартты. Жалақысын даулаған төрт жүзге жуық адам қолдарына айлықтары тимейінше жұмысқа шықпайтынын айтады. Ал компания басшылары жалақыны төлеуге әкімдіктегілер қол байлау болып отыр дейді. Шенеуніктер болса, жұмысшыларды шыдамды болуға шақырған.

Таң атқаннан кеш батқанша Ақтау көшелерін сыпыратын жұмысшылар мен комуналдық мекеменің көлік жүргізушілері апта басталмай жатып демалыс жариялаған. Төрт жүзге тарта адам жұмысқа мүлдем шықпай қойды. Олар жалақыны уақытылы төлеуді талап етіп отыр. Өйткені мұндағы бастықтар қарамағындағылар шу шығармаса ақша ұстатпайтын көрінеді.

Сағира Құлбекова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Біз де адамбыз ғой. Біз де уақытында демалғымыз келеді. Біз де жалақымызды адам сияқты алғымыз келеді. Жалақы уақытында жоқ. Біздерге отпускі бермей жатыр. Вапще отпускі жоқ.

«Қала жолдары» мекемесінің жұмысшылары жылына бірнеше рет жаппай наразылыққа шығуды әдетке айналдырған. Бірақ одан талаптарының орындалып жатқаны шамалы. Әлі күнге дейін көше сыпыратын құралды жұмысшылар үйінен тасиды.

Айнаш Еділбаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Үстімізге кие алмаймыз да. Кие алмаймыз оны. Өзіміз сыпыртқы заттарды сатып аламыз. Өзіміз сатып аламыз. Өздері у әделерін береді. Талаптарды бізден сұрайды. Бірақ ол талап жоқ.

Комуналдық мекеме директоры жұмысшыларының киімін бүтіндеп, сыпыртқысын алып беруге жағдайының жоқтығын айтады. Себебі, мемлекет меншігіндегі компанияның қарызы көп. Ал жалақы үшін әкімдік айлық аударуға асықпай отыр.

Қайрат Хайрушев, «Қала жолдары» ЖШС директоры:

- Қазір мына санитарлық тазалаумен сол бағыттағы жұмыс конкуренттік ортаға шыққанына байланысты кейбір қағаз алмасу мәселелері тығырықта тұр. Сондықтан да март, апрель, май айларының үкіметтен ақшасын алған жоқпыз.

Шенеуніктер болса, үш ай жалақы көрмеген жұмысшыларды сабырға шақырды. Қазынаға салықтан ақша түспей, қолдарына көк тиын тимейтінін айтады олар.

Жангелді Әубәкіров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- Енді адамдарға түсіндіріп жатырмыз. Шамалы бір ай шыдадыңдар ғо, шамалы шыдай тұрыңдар, төлейміз деп. Ол кінә деген қала жолдарында емес, әкімшіліктен кінә емес. Енді салыққа төлемеген. Салықтан түскен ақшаны төлейміз мінедетті түрде.

Ақтаулық көше сыпырушылардың наразылығы қашанға дейін созылары белгісіз. Өйткені, шенеуніктер де айлықтың түсер уақытын нақты айтар емес. Бұл аралықта портты қаланы қоқыс басып қалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде