Амангелді Таспихов жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтпек
Еңбек қауіпсіздігі адам өмірінің кепілі. Бұл - қарағандылық сайлаушыларымен кездескен Амангелді Таспиховтың ұстанымы.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.05.2019
Ел Президенттігінен үміткер алдымен медицина қызметкерелерінің форумында болып, кейін сантехника құралдарын шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесті. Бұл кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді. Ол негізгі міндет еңбек адамдарына жағдай жасау екенін атап өтті. Сондай-ақ, аймақтағы ауыр өндірісте жұмыс істейтіндер арасында жазатайым жағдайлардың да азаймай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.
Аманкелді Таспихов, ҚР президенттігіне кандидат:
- Елімізде 1500 мыңнан астам адам жарақатқа ұшырайды. Мүгедек болып қалады. 200 дей адам жұмысқа кеткеннен үйіне қайтып оралмайды. Соның бәрін алдын алу мақсатында үгіт насихат жүргізуді заңды түрде реттеу керек. Жұмыс берушілердің бұл мәселде жауапкершілігін күшейту керек дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!