{metadescription}
Жылқыларды құлынымен қоса айдап әкететін барымташылар пайда болды
Жылқыларды құлынымен қоса айдап әкететін барымташылар пайда болды

Жылқыларды құлынымен қоса айдап әкететін барымташылар пайда болды

Алматы облысында барымташылықпен айналысты деген күдікпен 4 адам ұсталды. Олар жылқыларды құлынымен қоса айдап әкетіп отырған. Қазір күдіктілердің 80 жылқыны ұрлағаны анықталды. Ұрланған малдың тең жартысы бөтен адамдардың қорасынан табылды. Ал қалғанын ұрылар сойып, соғымға сатып жіберіпті.

Бұл шаруа жылқыларын былтыр қыркүйекте ұрлатқан. Тоғыз ай дегенде малы мүлде басқа ауданнан шығып отыр. Олардың ұрлықы екенін жасырғысы келген барымташылар таңба үстіне таңба басып тастапты.

Мына Ш-ны басқан ғой. Бұрынғы Ш-сы көрініп тұр.

Ал күдіктілер түнде ұрлық үстінде ұсталған. 4 адамнан құралған топ Талдықорған мен Қаратал, Кербұлақ аудандарына ауыз салып жүріпті. Жастары 20-дан 40-қа дейінгі бір ауылдың жігіттері. Қазір олар барлығы 80 жылқыны ұрлағанын мойындады. Тіпті, сатқан жерлеріне дейін айтып берді.     

Мақтыбай ауылында Сұлтан дегенге апардық. Сосын Мұқыр, Бекболат деген жерге апардық. Малды солай ұрладық. Қазір қатты өкінем. 

80 жылқының 43-і иелеріне қайтарып берілді. Ал қалғанын барымташылар сойып, соғымға сатып жіберіпті. Енді ұрлықы малды ғана емес, етін де сатып алғандар істі болғалы жатыр.

Серік Үпиев, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

- Олар негізінен Қаратал және Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының аумағында әрекет еткен. Ұрланған жылқыны сатып алатын бірнеше тұлға мен малдың етін сататын орындардың анықталғанын да айта кету қажет.

Ұсталған төртеу қазір абақтыда. Алматы облысындағы шаруаларды шырылдатып жүрген жалғыз бұлар емес. Осыдан бес ай бұрын да ұсақ мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Полиция олардың анау-мынау емес, 312 бас қойды қолды қылғанын мәлімдеген. Олартіпті осыншама ұрлықы малды сатып алған үйдің иесін де көрсетті. Бірақ бұл қойлардың барлығы бірдей әлі күнге дейін иелеріне қайтарылып берілмепті. 

- 108 бас қой осы үйден табылып отыр.

Солардың бірі - Ержан Ысмағұлов. Шаруа бас прокуратураға дейін шағымданған. Олар істі облысқа тапсырып, бірақ ондағылар өз кезегінде құлық танытпай, ақыр соңында іс сұйылып кеткен. Шаруалардың айтуынша, күдіктілер кепілмен босап шығыпты. Істің басталғанына бес ай болса да, әлі сотқа жетпеген. Жалпы, жыл басынан бері Алматы облысында мал ұрлығына қатысты 34 топ ұсталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде