{metadescription}
Атырауда полицейлер мен ұлттық бюро басшылары арасындағы текетірес немен аяқталды?
Атырауда полицейлер мен ұлттық бюро басшылары арасындағы текетірес немен аяқталды?

Атырауда полицейлер мен ұлттық бюро басшылары арасындағы текетірес немен аяқталды?

Абыройынан айырылып, қызметінен қуылды! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшылығының басына қара бұлт үйірілді. Өздерін тоқтатқан тәртіп сақшыларымен дөрекі сөйлесіп, тіпті оларды қамап тастауды бұйырғандарды Астанадағы басшылары барынша қатаң жазалапты.

- Бармай-ақ қойыңыз, бастық отыр ішінде...

Мына бейнекадрлар биыл ақпан айында түсірілген. Полицейлер «Ақжайық» табиғи резерватының маңында «Chevrolet NIVA» және «Лада-Niva» көліктерін тоқтатқан. Көліктегілер өздерін ұлттық бюродан деп таныстырып, жүксалғышты ашудан және құжаттарын көрсетуден бас тартып, тәртіп сақшыларына доқ көрсете жөнеледі. Тіпті, бастықтары мінген көлікті тексерудің ұят екенін ескертті. 

- Тәртіп бұзушылық  керек пе, мен тауып берейін сіздерге. Міне басына қондырып алған.

-  Тоқта, сенің қателігіңді көрсетейін бе?

- Қағазың қайда, бізді тоқтат деген көрсетші? Не жүріп жатыр бұл жерде өзі?

- Тексеріс жүріп жатыр.

- Тексерісті қарапайым халыққа айтсаңшы, жігіттер! Ұят болады мыналарың.

Сәлден соң, Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Уайысов жанындағыларға полицейлердің өздерін ұстап, қамауды бұйырды.

- Жігіттерді шақыршы, мыналардың бәрін ұстаңдар. Мүлде  жұмыс істемейсіңдер!

Әлеуметтік желіде асқан жылдамдықпен тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырған бұл бейнекадрлерге қатысты қазір бастары дауға қалған қос тарап тексеріс жүргізіп жатыр. Есесіне, ұлттық бюродағылардың айтуынша, оқиға демалыс күні, «Ақжайық» табиғи резерватының аумағынан тыс жерде болған. Ал, көліктердің және олардың жүргізушілерінің бюроға түк қатысы жоқ көрінеді. Яғни қызметкерлер көлікте жолаушы ретінде отырған.

Ақбілек Мәдиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма басшысы:

- Біздің қызметкерлердің әрекеттері әдеп нормаларын бұзу мәнінде қаралды. Ол үшін Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Уайысов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Басқарма басшысы қызметке толық емес сәйкестігі туралы ескертілді. Ал, олардың басшысы Сапаровқа бақылауды қамтамасыз етпегені үшін қатаң сөгіс жарияланды. 

Сондай-ақ, олар полицейлерге өздерін таныстырмай, не себепті тоқтатқандарын да айтпады деп кінә артып отыр. Және олардың бейнетіркегіштеріне түсірілген бейнекадрларды жалпақ жұртқа жария етпей, тек қызмет бабында пайдалану керек еді дейді. Бұл айыптарға полицейлер қызметтік тексерістен соң жауап бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде