Дәния Еспаева кәсіпкерлікке кедергі келтіретіндермен күреспек
Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы мұнай-газ өндірісіне кәсіпорнының еңбеккерлерімен кездесті.
16.05.2019
Бүгінде зауыт өнімі өз елімізде ғана емес, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Ресей елдерінде де сұранысқа ие. Осындай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіп орындары тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Сондықтан, олардың дамуына кедергі келтіретін жайттар болмауы тиіс.
Әбілхан Төлеуішов, «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының саяси жетекшісі:
- Біздің еліміздегі парламенттік партия ретінде «Ақ жол» әр кез біздің кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Және бұл бағдарламадағы басты ерекшелік банк жүйесіне түбірлі өзгеріс тек қана ұлттық банк, екінші деңгейлі банктердің бәрінде де реформалау жүйелерін қалыптастыру. Сонымен қатар, халыққа беретін несиелердің пайыздарын азайту бұл да халыққа кәсіпкерлікті дамытуға тиімді болар еді. Міне, осы жүйелерді басты мақсат қылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!