Ахметбеков жұмысшылардың айлығын өсіруге күш салмақ
Коммунистер партиясының үгіт тобы Астана Электро-техникалық зауытына барды. Партия өкілдері жұмысшылармен кездесіп, Президенттіке кандидат Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Әсел Тұмашқызы
16.05.2019
Кездесу барысында партияның қалалық штабының жетекшісі зауыт қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау керектігіне тоқталды. Бұдан бөлек, белсенділер тобы үгіт-насихат материалдарын таратып, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды.
Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық штабының жетекшісі:
- Жұмысшыларға әрбір кәсіпорын түскен табысының 30% еңбекақы қорына бөліну керек деп ойлаймыз. Сол арқылы жұмысшылардың жағдайын әлдеқайда жақсартуға болады. Жұмыс қауіпсіздігі сақталу керек кәсіпорындарда. Біздің партия әрқашан да жұмысшылардың жағында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!