{metadescription}
Тоқаевтың жақтастары астықты өңірге барды
Тоқаевтың жақтастары астықты өңірге барды

Тоқаевтың жақтастары астықты өңірге барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары астықты өңірге барды. Республикалық қоғамдық штаб тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның артықшылықтарын түсіндірді.

Әсіресе, белсенділер тобы сайлауалды бағдарламаны петропавлдық жастарға жіті түсіндірді. Партия өкілдері үш бөлімнен тұратын құжаттың әр тарауына тоқталып, жастар үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы:

- Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қашанда Елбасының барлық бастамаларын қолдап келе жатыр. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 9 маусым күні Елбасымыз ұсынған кандидат, ерен азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бір ауыздан қолдайды деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.