{metadescription}
Бюджетті игере алмағандар әкімшілік жауапқа тартылады
Бюджетті игере алмағандар әкімшілік жауапқа тартылады

Бюджетті игере алмағандар әкімшілік жауапқа тартылады

Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыра алмаған жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Егер заң жобасы қабылданса, мемлекеттік бағдарламаны аяғына жеткізе алмаған вице-министр не облыстық басқарма басшыларына әкімшілік шара қолданылады.

Бюджет қаражатын игерудегі кемшіліктер жағдайды осыған жеткізіп отыр екен. Өйткені, 2018 жылы бюджеттен бөлінген ақша 100 пайызға игерілген. Бірақ, о баста көзделген жоспарлы нәтижелердің 13 пайызы орындалмапты. Яғни соның салдарынан мемлекеттік 138 миллиард теңгесі мақсатсыз жұмсалған. Ол қаражат кейін түгел қайтарылыпты. Ал бюджеттік бағдарламаларды орындауға көбіне министрдің орынбасары немесе облыстық басқарма басшылары тағайындалады. Бірақ солардың ішінде орындалмаған жұмыс үшін шырқырап жаза тартып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан Есеп комитеті оларды жауапқа тарту туралы Парламентке заң жобасын ұсынып, ол Мәжілістің бірінші оқылымынан өтіп қойған.

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрайымы:  

- Жаңадан келген, әлі жұмысын үйреніп болмаған жас маманға ескерту береді де, әңгіме сонымен жабылады. Ал біз заң бойынша одан артық ештеңе істей алмаймыз. Сондықтан жауапты адамдарды әкімшілік және тәртіптік жазаға тарттыруды заң бойынша бекітуді сұрап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде