{metadescription}
Ақмола облысында жұрт директорға қарсы шықты
Ақмола облысында жұрт директорға қарсы шықты

Ақмола облысында жұрт директорға қарсы шықты

Ақмола облысындағы Купчановка ауылының тұрғындары «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының» басшысына қарсылық білдірді. Олар директор әрбір басқан қадамымызды аңдып отырғанымен қоймай, 40 жыл тұрып жатқан жерімізді жекешелендіріп алмақ деп шағымданады. Жұрттың айтуынша, қақаған қыста су мен жылуды ағытылып, тұрғындарға қысым көрсетілетін көрінеді. Ал аталған орталық басшысы олардың сөзін теріске шығарды.

Әлеуметтік мекеме деген аты болмаса бейне бір түрме дерсіз. Жағалай қоршалған мына темір қоршаудан бөлек, ауылды түгел түсіріп тұратын 19 бақылау камерасы орнатылған. Тұрғындар түзету мекемесінің бұрынғы басшысы Купчановканы колонияға айналдырды дейді. 2 жылда мекеме директоры оларды әбден қоркытып тастаған.

Купчановкадағы зейнеткерлердің барлығы мына тұрған бұрынғы психдиспансерде қызмет істеп демалысқа шыққандар. Тіпті тұрып жатқан 43 жер үй мен 56 пәтер де кезінде осы мүгедектер үйінің қызметкерлері үшін салыныпты. Жылдап кезекке тұрып, қолдарына тіпті ордер берілген. Бірақ ауыл адамдары жекешелендіру мәселесіне аса мән бермесе керек. Осыны білген жаңа директор келісімен баспанамызға бас салды, - дейді олар.

Сергей Сумин, орталық санитары:

- Моральдық қысым көрсетеді. Қыс ішінде жылуды сөндіріп тастады. Бір күні сыртқа шықсам үйім тұрған жерді өлшеп жатыр. Сұрасам құжат жасаймыз, - дейді. Менде де құжат бар. Өмір бойы тұрамыз бұл жер үйлерде. Далада қаламыз ғой.

Дәл осындай жағдай екіқабатты 3 үйдің тұрғындарының да басынан өтіп жатыр екен. Үйлерді жекешелендіру, заңды құжат жасату үшін орталық директорының атынан келіп есік қағатындар көбейген. Енді далада қаламыз ба деп қорыққан жұрт ем-дом алып жатқан науқастарға қарамастан орталық басшысын іздеп жүргені. Ашуға булыққан олар бұрын түрме басшысы болған директордың жағасына жармасуға әзір.

Талғат Сүлейменов, «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры:  

- Бұл бұрынғы қызметкерлер, оларды ешкім үйінен қуып жатқан жоқ. Олай істеуге менің құқығым да жоқ. Жердің актісін жасаймыз, сосын жекешелендіруге мүмкіндік туады. Менің мұнда туыстарым жоқ. Ешкімге әперіп жатқан жоқпын олардың үйлерін. Қысым көрсетті дегені де жалған.

Талғат Сүлейменовтың айтуынша, су мен жылу орталықтан берілгенімен бұл үйлер диспансер балансында жоқ. Бірақ, жер актісін жасау үшін мемлекеттен 5 миллион теңге бөлінген. Балансында жоқ үйлердің құжатымен неге мемлекеттік мекеме айналысуы тиіс деген сауалға жауап бергісі келмеген директор камераға ұмтылып, мекеме ауласынан тілшілерді қуып шықты. Тұрғындар болса, директордың үстінен сотқа шағымдануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде