{metadescription}
Жолаушымен жаға жыртысқан автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды
Жолаушымен жаға жыртысқан автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

Жолаушымен жаға жыртысқан автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

Қоғамдық көліктегі төбелесті біреу ұялы телефонға түсіріп алған.

Әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен видеода автобус жүргізушісі мен жолаушы бір-біріне жұдырық сілтеп әлек. Екі ер адамды ешкім арашаламайды. Келеңсіз жайт 137-ші бағытта қатынайтын автобуста болған. Дау аялдамадан басталыпты. Жұмыстан кешіккен әйел жүргізушіге жолда тоқтауды өтінген. Ал ол бұл жерге көліктің тоқтауына тыйым салынғанын алға тартады. Бұл іске орта жолдан өзге ер азамат араласып, жүргізушімен сөзге келеді. Соңы төбелеске ұласқан. Жолаушылар тасымалдауға жауапты серіктестік ашуға ерік берген қызметкерін ақтаған жоқ. Оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдапты.

Ризван Цинаев, «Алматыэлектротранс» серіктестігінің бас директоры:

- Тоқтауға рұқсат етілмеген жерден түсірмегені үшін жүргізушіге бейәдеп сөздер айтқан. Осыдан соң жүргізуші төбелеске араласқан. Десе де, оның бұл қылығын еш ақтамаймыз. Жолаушыларға тағы айтарымыз: қандай да бір заңсыздықты көрсеңіз, бірден диспетчерлік қызметке хабарлаңыздар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде