{metadescription}
Өртенген қоқыс полигонының түтіні Алматыны басып қалды
Өртенген қоқыс полигонының түтіні Алматыны басып қалды

Өртенген қоқыс полигонының түтіні Алматыны басып қалды

Осы өртенген қоқыс полигонының түтіні қаланың барлық аймағына жайылды. Таңертеңнен бері жағымсыз иісті сезген тұрғындардың тынысы тарылып, мазасыз күй кешуде. Тіпті, балаларын үйінен шығармауға тырысып әлек. Себебі, әртүрлі ластанған заттардың жануынан түрлі аурулар таралып кете ме деп қауіптенеді. 

Қаладан отыз шақырым жерде өртенген қоқыс полигонының түтіні, тез арада шаһар ішіне жайылып үлгерген. Жағымсыз иістен секем алған тұрғындар түрлі аурулардың таралып кетуінен қорқып отыр. Алайда, ауаның тазалығын тексеретін 16 автоматтандырылған бақылау бекеттерінің нәтижесіне сүйенген «Қазгидромет» мамандары қауіптің жоқ екендігін алға тартып, бұл көрсеткіштің қалыпты екендігін айтуда.           

Әсел Рысқұлова, «Қазгидромет» РМК зертханасының қызметкері: 

- Лабараториялық талдау нәтижесі бойынша азот диоксиді 2,0 шекті жоғары шамаға тең, ал автоматтандырылған бақылау бекеттерінің нәтижесі бойынша, 1,8 шекті жоғары шамаға тең Айтарлықтай, бұл адам денсаулығына өте қауіпті болмайды. Қауіпі жоқ. Өйткені шекті жоғары шамадан екі шамаға не болмаса 1,8 шамаға асып тұр. 

Ал, ғалымдар болса мұндай қорытындымен мүлде келіспейді. Екі есеге ұлғайғаған азот диоксидінің кесірінен түрлі аурулар қозуы мүмкін екен. Сондықтан, өртенген тұрмыстық заттар, пластмасса мен линолеумдар түрлі уды бөлетініне сенімді.

Сергей Куратов, «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының жетекшісі:

- Ондай болса, оларға барлық химиялық зерттеулердің деректерін, ғылыми институттардың зерттеулерін теріске шығару керек. Себебі, мұндай иістер адамның тыныс алуына үлкен мөлшерде зиян екендігі аққа қарамен жазылғандай көрсетілген.

Осылайша, бір күнде жайлаған ыстан қауіптенген тұрғындар, әлі де болса сөнбеген өрттен қауіптеніп отыр. Түрлі аурулардың алдын алу үшін үйлерінен шықпауға тырысып бағуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде