Назарбаев ірі державалардың басшыларын Қазақстанда келіссөз өткізуге шақырды
«Ақырын жүріп, анық бас!» Танымал экономист Ұлы Абайдың осы нақыл сөзімен дүниежүзіндегі қазіргі жағдайды сипаттап берді. Ал ірі державалар бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан ашық алаң ұсынуға дайын. Бүгін Астана экономикалық форумын ашып берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Әрі әлемнің кіл мықты сарапшылары жиналған жиында тұңғыш президент бірнеше бастама көтерді.
Автор: Досжан Маратұлы
16.05.2019
Атақты экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемдік экономикаға ықпалын жүргізіп отырған корпорациялардың басшылары бұл. Осымен 12-ші рет өтіп жатқан Астана экономикалық форумына жиналған оларды Елбасы мен президент бірге қарсы алды. Кейін сөз алған бойда Нұрсұлтан Назарбаев ірі державаларды келісімге келуге шақырып, ол үшін Қазақстан араағайындық жасауға дайын екенін жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:
- Настало время обсуждать пути выхода из сложивщегося геополитического кризиса между США, Китая, России и Евросоюза. Я веду такие разговоры лидерами названных государств. В целом правильное понимание в этом вопросе есть. Я еще раз хочу сказать, что мы можем предоставить такую площадку в нашей столице.
Бұл «санкциялар соғысын» тоқтатып шатқаяқтаған экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Ал, қазір АҚШ пен Ресей, Қытай мен батыс арасындағы саяси және сауда тартысының кесірінен күллі әлем зардап шегіп отыр. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші де төмендеп кеткен. Сарапшылар тығырықтан шығудың жолын - Абайдың философиясынан іздеп отыр.
Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:
- Экономикалық даму бағытында біртіндеп қарқын алу керек. Бұл ретте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп, анық бас» деп жазып кеткен өлең жолдары ойға келеді. Сондықтан бүгінгі форумда осы идеяға айрықша екпін қоймақпын, яғни әрбір қадамды бейбіт жолмен сенімді түрде жасауымыз керек.
Сауда-саттық, өнеркәсіп, блокчеин, криптовалюта, кедейлікпен күрес секілді өзге де жаһандық мәселелер форумда қызу талқыланып жатыр. Осы кезде спикерлердің бірі өкілеттігін өз еркімен тапсырған Елбасыдан елдегі билік жайлы сұраған еді. Бұған Назарбаев былай деп жауап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:
- Видите, я создаю какие-то неудобства. Вам приходится говорить сначала Первый Президент, потом президент. Такая ситуация. Я думаю, двойственности в Казахстане не будет. Есть один президент, и он главный. И мы все будем на него работать.
Ал форумға әлемнің 100-ден астам елінен 5 мыңға жуық адам қатысуда. Арасында Дүниежүзілік банктің бас сарапшысы Пол Ромер, Кристин Лагард пен Ристо Сииласмаа секілді тіс қаққан экономистер бар.
Әлем назары ауған форум ертең жалғасады. Талқыланатын мәселе әлі де көп. Спикерлер жаһандық дағдарыстың алдын алып, технология дамыған заманда жұмыссыздықпен күресу жолдарын сөз қылады. Әрі ондаған маңызды келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!