Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтарды ұлықтамақ
Ұлттық құндылықтарды оқытайық! Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел бүгін Елордада өткен кездесуде осындай бастама көтерді.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.05.2019
Жаһандануға жұтылып кетпес үшін, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу аса маңызды. Осы орайда Сәдібек Түгел рухани-мәдени мұраларды, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларды біліп, қастерлеу керектігін айтады. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге басымдық беріп отыр.
Сәдібек Түгел, Президенттікке кандидат:
- Біз жастарды қалай тәрбиелесек, ертең болашағымыз солай болады. 1 сыныптан бастап, ЖОО-на дейін жастардың бойына сіңіру керек. Әр елдің өзіне тән ұлттық менталитеті болады. Ұлттық салт-дәстүрі болады. Соларды жастарға жеткізуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!