Аманкелді Таспихов әкімдерді жұмыс істетпек
Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов Қостанай облысында сайлаушылармен кездесті. Жүздесу барысында еліміздегі еңбек өнімділігі мен өндірістегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды.
Автор: Мақсат Мәлік
17.05.2019
Аймақта соңғы кездері өндірістегі жазатайым оқиға көбейіп, жыл басынан бері 40-қа жуық адам жұмыс орнында жарақаттанған. Бұған қауіпсіздікті ескермеген жұмыс берушілер кінәлі. Сондай-ақ, Амангелді Таспихов сайлаушылар алдында кадр тапшылығы, кәсіподақтардың қызметі және жергілікті әкімдердің жұмысына қатысты ұсынысын айтты.
Аманкелді Таспихов, Президенттікке кандидат:
- Әкімдер жұмыс істеу керек? Әкімдер жұмыскерлерден талап ету керек? Әкімдердің күні жұмыскерлерге түседі. Олар үшжақты комиссия деген бар. Сол арқылы отырыстарда талқылап, жұмыс берушлердің алдында мәселені тікелей қою керек? Сонымен шұғылдану керек, әкімдер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!