Төлеутай Рақымбеков Қазақстанды озық елдер қатарына қоспақ
Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтың жақтастары Қызылорда өңірінде экономиканы алға жылжытып, озық елдер қатарына қосылу үшін ауыл шаруашылығын дамыту туралы бағдарламасын таныстырды.
17.05.2019
«Ауыл» партиясының өкілдері аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық орталықтарды қолдау және заманауи жабдықтармен қамтамамыз ету туралы өзекті ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында ауыл шаруашылығын дамытудан бөлек, жұмыссыздықпен күрес, баспана мәселесі және инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер қамтылған.
Серікбай Өмірзақов, Т. Рақымбековтың аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі:
- Мен ойлаймын осы ауыл партиясының бағдарламасы жүзеге асса, біздің негізгі ортақ мүддеміз Қазақстанның әлемдік деңгейде дамуына толық мүмкіншіліктер жасалады. Осыған байланысты біз сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кеттік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!