Әміржан Қосановтың жақтастары ағаш отырғызды
Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың бағдарламасын таныстырушылар Өскеменде «Жасыл қала» деп аталатын акцияны қолға алды. Шара аясында қалаға ағаш отырғызып, Ертіс өзенінің жағасын тазарту жұмыстарына кірісті.
17.05.2019
Өңірдің гүлденуіне іспен үлес қосқысы келетін партия өкілдері, бағдарламаларын жан-жақты талқылап қана қоймай, оны көрсете білу керек дейді. Сонымен қатар, саяси науқан аяқталғанша, аймақта тағы бірнеше жиын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Асхат Ақбергенов, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Бүгін осы «жасыл ел - жасыл қала» аясында акция өткізіп жатырмыз. Қаламыздың жасыл болып өркендеуіне көшеттер отырғызып, ҚР президентін сайлау аясында жасыл қала шарасын өткізіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!