Дәния Еспаева шаруалар үшін салықты азайтпақ
Дәния Еспаева болса, үгіт-насихат жұмыстарын Қостанай облысында жалғастырып жатыр. Бүгін ол, жақтастарымен бірге өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып жұмысшыларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Досжан Маратұлы
17.05.2019
«Ақжол» партиясының кандидаты, ел экономикасының негізгі тірегі саналатын шағын және орта бизнесті дамытпақ ойда. Ол үшін жастарды кәсіпкерлікке баулып, өз ісін ашу үшін қолдау көрсету керек дейді.
Әсіресе, Еспаева шаруалар үшін салықты да төмендетуді көздеп отыр.
Дәния Еспаева, Президенттікке үміткер:
- Қазіргі кезде мына НДС мұнайшыларға да, ауылдағы өнім өндірушілерге де бірдей. Бірақ та менің бағдарламамда жазылған. Осы ауылшаруашылық үшін НДС-ті төмендету бұл біріншіден. Екіншіден қазіргі кезде ауылдың инфрақұрылымды өте нашар. Сондықтан, оның да жағдайын жасау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!