Тоқаев шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетпек
Сабақтастық, әділдік, өрлеу. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай үш бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасымен бүгін Қостанай облысының жұрты танысты.
Автор: Досжан Маратұлы
17.05.2019
Алдымен өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен жүздескен штаб өкілдері жұрттың әлеуметтік жағдайын арттыруға ерекше басымдық берілгенін айтып отыр. Әрі өнеркәсіпті жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын ашу мен заман талабына сай маман даярлау да, бағдарламадағы негізгі міндеттердің қатарында.
Мәулен Әшімбаев, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы:
- Біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шағын және орта бизнеске жан-жақты көмек беруге, сол сияқты біздің үлкен өндірістік кәсіпорындарымызға мемлекеттің тарапынан әр бағыттағы көмекті көрсетуге басымдық беріп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!