{metadescription}
Алматының бұрынғы бас дәрігері айыппұл төлейтін ақшасы жоқ екенін айтты
Алматының бұрынғы бас дәрігері айыппұл төлейтін ақшасы жоқ екенін айтты

Алматының бұрынғы бас дәрігері айыппұл төлейтін ақшасы жоқ екенін айтты

Жазасын жүздеген миллионмен өтейтін болды! Прокурорға пара берді деп танылған Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылған жоқ. Есесіне Серікбол Мусинов, сот үкімі бойынша, мемлекет пайдасына 240 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Соттың өзіне кескен жазаны естіген Мусинов есінен тана жаздады. Осыншама ақша төлеттіреді деп күтпесе керек, бұған дейін теледидардан түрін көрсетуге тыйым салған экс-шенеунік журналистерге бірден мұңын шаға жөнелді. 40 жыл елге адал қызмет еттім деген дәрігер бере салатын 240 миллион теңгесі жоқ екенін айтып ағынан жарылды. Десе де, бұрынғы басшының түрмеге де отырғысы жоқ. Прокурорға пара бермедім деп ант-су ішкен Серікбол Мусинов өзіне жала жабылғанын айтуда. Қалай дегенмен де, соттың шешімі бойынша ол салынған айыппұлды бір жылдың ішінде қазынаға құюы тиіс. Ал оның тексеріс нәтижесін жасырып қалуы үшін прокурорға берген 25 мың доллар парасы мемлекет пайдасына беріледі деп шешілді.

Серікбол Мусинов:

- Өмірімде келіспеймін! Әрмен қарай аппеляцияға беремін. Қандай ақша ол? Мен бизнесмен, мұнайшы немесе олигарх емеспін ғой. Сондай жағдай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде