{metadescription}
Ресей арқылы экспортталған 600 мың тонна мұнайдың ластанғаны белгілі болды
Ресей арқылы экспортталған 600 мың тонна мұнайдың ластанғаны белгілі болды

Ресей арқылы экспортталған 600 мың тонна мұнайдың ластанғаны белгілі болды

Еліміз Ресей аумағы арқылы экспортталған 600 мың тоннаға жуық мұнайдың ластанғаны үшін өтемақы сұрауы мүмкін. Бүгін Энергетика министрлігі біздің  Еуропаға тасымалданып жатқан «лас мұнай» төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме берді.

Әсет Мағауов, Энергетика министрінің орынбасары:

- Ластанған мұнай көлемі 6 танкер яғни  600 мың тонна мұнайды құрайды. Негізінен шағын мұнай компанияларының өнімдері. Сондай 10 шақты компания бар. Ең ірісі «Маңғыстаумұнайгаз». Олар қазір қандай көлемде сатқанын, қандай бағамен сатқанын анықтап келіссөз жүргізіп жатыр.

Сәуірде Беларусь «Дружба» мұнай құбыры арқылы Ресейден 37 миллион баррель ластанған мұнай келіп жатыр деп дабыл қақты. Ал, күні кеше депутаттар осы халықаралық магистраль арқылы біздің өнім тасымалданатын айтып, Энергетика министрлігінен түсініктеме талап еткен. Енді министрлік осы біздің ластанған  шикізатты арзан бағамен өзге компанияларға сатуды жоспарлап отыр. Егер келіссөз барысында қара алтынның құны бастапқы бағадан айтарлықтай арзандап кетсе, шығынды ресейлік компания өтеуге міндетті. Бұл жағдайда екі елдің тасымалдаушы компаниялары шығынды есептейді. Сондықтан қазақстандық компанияларға қаншалықты залал келгені қазір анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.