{metadescription}
«Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі Қарағандыда өтті
«Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі Қарағандыда өтті

«Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі Қарағандыда өтті

Бағы мен бабын сынауға өңірден 8 бен 12 жас аралығындағы 100-ден аса бала жиналды. Бұл жолы ұйымдастырушылар байқау шарттарына біршама өзгерістер енгізіпті. Былтыр үміткерлерді қазылар алқасы онлайн режимде ғаламтор арқылы іріктесе, биыл бұрынғы тәсілдеріне қайта көшкен.

Арманын ақ желкен етіп додаға келгендердің бірі Арайлым Бұланова. Өзінің сыннан сүрінбей өтетініне сенім артқан 100 баланың бірі бұл. Олардың барлығы таңнан кешке дейін қазылар алдында барын салды. Былтыр бала іріктеуде қолданылған онлайн тыңдалымдар биыл болмайды деген шешім қабылданыпты. Жас өнерпаздарға экраннан емес, жақыннан үңілген дұрыс дейді ұйымдастырушылар.

Марат Ақыпбек, жоба менеджері:

Сонда біз оның барлық қырына үңіле аламыз. Сонымен қатар, биыл бала ата-анасының көзінше ән айтады. Мұндағы мақсат балаға жасаған ескертулер немесе бір ерекше тұстарын атауды ата-ана да ескеріп отыруы керек. Өз баласын басқа үміткерлермен салыстырғаны жөн деп санаймыз.

Тартысты бәсекеда балалардың бар таланты ортаға салынған додада Қарағанды өз финалисін де анықтады.

Батырболат Дәуренбеков, «Бала дауысы» байқауының финалисті:

- Осы сахнаға шыққан кезде жүрегім қатты соқты. Сондықтан айтқанда кішкене дірілдің дауысы болды. Дегенмен де өлеңді соңына дейін айтып шығып жеңе алдым. Біздің республикамыщда өте талантты балалар көп.

Қарағанды – еліміз бойынша өз финалисін анықтаған 16-шы өңір. Жүзден жүйрік шыққандар, енді Алматыдағы «жұлдызды үйде» жиналып, шеберліктерін шыңдайды. Аталған жобаны «Жандану әлемі» және Тұңғыш Президент қорлары ұйымдастырып отыр. Байқаудың ақтық сыны қазанда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде