Тұңғыш Президент қорының өкілдері Петерборда дәріс оқыды
Ресей студенттері Қазақстандағы биліктің алмасуы мен президент сайлауына қызығушылық танытып отыр. Санкт-Петербург университетінде студенттермен кездесу өткізген Тұңғыш Президент қорының өкілдері осыған көз жеткізді.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.05.2019
Игорь Рогов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Қор осында оқып жатқан өзіміздің студенттерге, Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеп жүрген ресейлік студенттерге жан-жақты көмек көрсеткісі келеді. Әсіресе, оларды биыл бізде болған билік алмасу жайы қатты қызықтырып отыр.
Былтыр қор мен оқу орны арасында меморандум жасалған болатын. Соның аясында қор басшылары шәкірттер алдында дәріс оқып келеді. Былтыр конституциялық реформалар туралы сөйлесе, биыл Қазақстандағы заңнаманың жетілдірілуі, қор институттарының жұмыстары және елдегі президент сайлауы туралы мәліметтерімен бөлісті. Ресейлік білім ордасындағылар алдағы уақытта екі елге де пайдасы бар терең зерттеулер жүргізілгенін қалап отыр. Оған қоса, шәкірттер «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы ағылшын құқық жүйесінің енгізілуі жайында көбірек білгісі келеді.
Сергей Белов, Санкт-Петербург университені заң факультетінің деканы:
- Ағылшын құқығын қолданып жатқаны заңгерлерге өте қызық. Ол жүйеде ешқашан кінәрат болмаған. Енді сол ресейлік контекске өте ұқсас жағдайда ағылшын құқығының қалай қолданылатынын көргіміз келіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!