Сәдібек Түгел «Ар-ождан заңын қабылдатпақ
Алматыда ел президентігіне кандидат Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Шараға белгілі ақын, жазушылар мен өнер иелері шақырылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.05.2019
Кездесу барысында кандидат жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұлттық құндылықтар тақырыбында пікір алмасты. Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел: «Ар жазасы бар жазадан ауыр жаза, ар мәселесінде ағаттыққа жол бермеуіміз қажет» дейді. Кандидат бұған дейін «Ар-ождан заңын қабылдап, ар полициясын құру жөнінде бастама көтерген болатын.
Сәдібек Түгел, Президенттікке кандидат:
- Арды алға қоюымыз керек. Экономика мен идеология қыран құстың қос қанатындай бірге болуы керек. Сол кезде еліміз толықанды дамиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!