Рақымбеков атадан келе жатқан кәсіпті жандандырмақ
Отандық өндірісті жандандыру керек! Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды штабы отандық шаруа қожалықтарына барынша қолдау көрсету керектігін айтты.
Автор: Салтанат Шырынхан
20.05.2019
Елімізде ең таза экологиялық өнімдер шығарылады. Осы әлеуетімізді толық пайдаланып, халықты өзіміздің азық-түлікпен ғана қамтамасыз етуіміз керек. Одан кейін экспортқа ден қойылса, ел экономикасы алға жылжиды дейді Рақымбековті қолдаушылар.
Әли Бекетаев, Президентікке кандидат Т. Рақымбековтің республикалық қоғамдық штабының төрағасы:
- Біздің негізгі мақсатымыз осы атадан келе жатқан кәсіпті өндірістік жолға қою. Егер біздің азаматтар осындаймен айналысатын болса, ешкімнен кем өнім алмайды. Себебі, біздің тұрғындарымыз осыны біледі, қалай жасалатынын біледі, қалай сауылатынын біледі, қалай өнім алуға болатынын біледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!